"Физика пәні бойынша репетитор" онлайн курсы 7 сыныпқа арналған физика пәнінің барлық тақырыптары толық қарастырылған. Әр тақырыпта теория, есептер шығару практикасы келтірілген. Ұсынылған видеосабақтар арқылы курсқа қатысушы мектеп бойынша тапсырмаларын орындай алады, өтілген тақырыптарды еске түсіреді, емтиханға әзірленеді, білікті көмек алады, физика пәні бойынша бастапқы негізгі ұғымдарды меңгереді. Оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер және репетиторлар үшін таптырмас оқу құралы болып табылады.
Бұл курста төмендегідей ұғымдар қарастырылған:
*Физика ғылымына кіріспе, зерттеу тәсілдері: бақылау, эксперимент ( тәжірибе), теориялық талдау, гипотеза (болжам)
* Физикалық құбылыстар: механикалық қозғалыс, жылу, дыбыс, электр, магнит, жарық құбылыстары
*Физикалық дене
*Физикалық зат
*Физикалық шаманы өлшеу
*Физикалық шаманы есептеу
* Физикалық шамалар: скалярлық шамалар, векторлық шамалар
* Сандарды стандартты жазу
* Тіркес сөздер
* Халықаралық бірліктер жүйесі (ХБЖ)
*Механикалық қозғалыс: жол, траектория, орын ауыстыру, жылдамдық, орташа жылдамдық, қозғалыс теңдеуінің графиктері, бірқалыпты қозғалыс, бірқалыпты емес қозғалыс, санақ жүйесі, санақ денесі
* Инерция құбылысы. Масса. Зат тығыздығы
*Күш түрлері: ауырлық күш, тірек күші, салмақ, Бүкіләлемдік тартылыс күші, Архимед күші, үйкеліс күші, серпімділік күші, теңәрекетті күш
*Қатты дененің, сұйықтың және газдың молекулалық құрылымы
*Диффузия, броундық қозғалыс
*Қатты дененің қысымы, сұйықтағы және газдағы қысым, қатынас ыдыстар
*Механикалық энергия: кинетикалық энергия, потенциалдық энергия, энергия сақталу заңы
*Қуат
*Механикалық жұмыс
*Күш моменті. Жай механизмдер: иіндік, көлбеу жазықтық, жылжымайтын блок, жылжымалы блок
*Пайдалы әрекет коэффициенті