Қазақ Үні

Екі жағынан да оң болып киілетін телпекті тоқу жолы

Ratings 0.00 / 5.00
Қазақ Үні

What You Will Learn!

  • Телпек тоқуға арналған бейне нұсқаулық, қазақша, орысша субтитрлері бар
  • Екі жағынан да оң болып киілетің телпекті тоқуға мүмкіндік беретін тоқу әдістері
  • Жақындарыңызға бағалы сыйлықтар жасау үшін пайдалы қолөнері
  • Тұрақтылық пен шыдамдылық сезімін қалпына келтіруге арналған тамаша құрал

Description

- Табиғи жүннен тоқу қазақтың ежелден келе жатқан дәстүрі. «Қазақ Үні» курсында мен тоқудағы ең қызықты, үйренуге тұрарлық олжаларымды жариялаймын. Сонау 90-шы жылдардың басында мен Бурда, Верена сияқты көптеген неміс журналдарының нұсқауы бойынша балаларыма әртүрлі әдемі киімдер тоқыдым. Менің сүйікті тоқуға арналған кітабым Элизабет Циммерманның «Көз жассыз тоқу» деп аталады. Осы кітаптің әсерінен мен де дөңгелетіп тоқуды менің сүйікті тоқу әдісім екенін түсіндім, себебі ол ісіңізді тігіссіз жасауға мүмкіндік береді.

- Тоқуды үйрену өте оңай, әсіресе балалар тез қабылдайды. Жақында 8-жасар немеремнің бір кеште тоқу инелерді ұстап, бірінші қатарды теруді үйренгеніне таң қалдым. Мен өзімді нағыз әжедей сол кезде сезіндім! Не де болса, ең бастысымен, адамды сабырлылыққа, өз іс-әрекеттерін бақылауға үйрететін керемет дүние. Кем дегенде планшеттің алдында ұзақ отыруға мүмкіндік бермейді. Және де өзіңізге және жақындарыңызға бағалы сыйлықтар мәселесін шешетін боласыз, өйткені өз қолмен жасалған сыйлық екі есе жылы болады.

- Ең алдымен мен балаларыма ұнайтын телпек тоқу нұсқауларын жариялауды жөн көрдім. Екі жағынан да оң (терісі жоқ) телпекшенің бейне форматта тоқу әдісін ұсындым. Тігізссіз, тез киюге өте ыңғайлы, өйткені алды-арты жоқ, қалай кисеңіз де - дұрыс! Өте қызықты жері, бұл телпекті шарф ретінде де киюге болады, өйткені ашылған кезде оның ұзындығы мойынды орауға да жетеді. Қазақ мақалы «Бас аман болса, бөрік табылады» дегендей, игіліңізге киіңіз!  Менің есімім Айгүл. Курс бойынша сұрақтарыңызды әрқашан белгіленген жерде қоюыңызға мүмкіншілігіңіз бар болады.


Who Should Attend!

  • Жаңадан бастағандар мен тәжірибелі тоқымашыларға арналған

TAKE THIS COURSE

Tags

  • Knitting

Subscribers

21

Lectures

13

TAKE THIS COURSE



Related Courses